7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби ауруларын азайту есебiнен елдегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту; Арал теңiзiндегі Барсакелмес аралының iндеттiк әлеуетін айқындау және оңалту әдiстемелерiн әзiрлеу; халық арасында iндет пен аса қауiптi және басқа да жұқпалы аурулар жағдайларының алдын алу, уақтылы оқшаулау және жою; АҚТҚ инфекциясының таралу қарқынын төмендету; жұқпалы аурулар диагностикасының уақыттылығы мен сапасын арттыру.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
267-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары
үшiн қанды, оның компоненттерiн және препараттарын өндiру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 292436 мың теңге (екi жүз тоқсан екi миллион төрт жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 42-бабы, "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 12-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегі бірiншi кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтар мен медициналық ұйымдарды қан препараттарымен (алмастырғыштар) және оның компоненттерiмен қамтамасыз ету. Республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтар мен медициналық ұйымдар үшiн қан антигендерi бойынша донорларды арнайы iрiктеу. Донорлық кадрларды жоспарлау және есепке алу. Жұмылдыру мiндеттерi бойынша арнайы iс-шараларды жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қанды дайындау, оның компоненттерi мен препараттарды сақтау, қанның компоненттерi мен препараттарын өндiруге арналған жаңа технологияларды енгізу, қанның жаңа компоненттерiн шығару, иммуногематологиялық зерттеулер жүргiзу, стандарттарға сәйкес сирек қан топтары мен оның компоненттерiн, донорлар мен реципиенттердiң қанын ұзақ мерзiмдi сақтау банкiн құру. Емдеу-алдын алу ұйымдарына қанды, оның компоненттерiн, препараттар мен қан алмастырғыштарды қалбырлау жөнiнде практикалық көмек көрсету. Қанның жұмылдыру резервiн жаңарту, толықтыру, жаңа дем беру және ұстау. Сақталған қанның, оның компоненттерiнiң, препараттар мен қан алмастырғыштардың сапасын сараптау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық медицина ұйымдары мен қанмен, оның компоненттерiмен және препараттармен үздiксiз қамтамасыз ету. Республиканың аумағындағы iрi көлемдегi төтенше жағдайларды қамтамасыз етуге дайындық.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
268-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Арнайы медицина резервiн сақтау"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 37422 мың теңге (отыз жетi миллион төрт жүз жиырма екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 15-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегi
№ 944 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының медициналық қызмет мекемелерi мен құрылымдары үшiн арнайы құрылымдардың жұмылдыру дайындықтарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесi органдары мен мекемелерiнiң практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жұмылдыру резервiнiң мүлiктерiн жиынтықтау, жаңарту және ауыстыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау жүйесiнiң мекемелерi мен құрылымдарын басқару органдарына республиканың масштабтарында әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету. Құрылатын мекемелер мен құрылымдарды топтастыру үшiн тағайындалған әскери мiндеттiлердiң есебi мен арнайы бөлудi ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң жұмылдыру дайындығын арттыру. Мүлiктiң сақталу жағдайын, сақталу дәрежесiн жақсарту. Ерекше кезеңде құрылған және әскери уақытта арнайы бөлiнгендердiң санынан оларды медицина кадрларымен толықтырған денсаулық сақтау мекемелерi мен құрылымдарының жұмылдыру қорларын мүлiктермен жарақтандыру пайызын арттыру.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
269-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1536484 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз алты миллион төрт жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 22, 26-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасауды ұйымдастыру мен жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1385 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 наурыздағы № 287-9 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: практикалық денсаулық сақтау саласында мiндеттердi шешу үшiн жаңа технологияларды әзiрлеу және қолдану, сондай-ақ медициналық ғылымның басым бағыттарын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: практикалық денсаулық сақтаудың мынадай негiзгi бағыттар бойынша диагностиканың, емдеудiң, оңалтудың жаңа әдiстерiн әзiрлеу және сынау: терапия, нейрология, нейрохирургия, педиатрия, акушерлiк және гинекология, эндокринология, дерматовенерология, хирургия, урология, травматология-ортопедия, офтальмология, онкология, онкогематология, стоматология, оториноларингология, аллергология және клиникалық иммунология, еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар, республикада денсаулық сақтаудың басқару мен ұйымдастыру, нашақорлық, уыттанушылық, маскүнемдiк және психотроптық заттардың өзге де түрлерiнен тәуелдiк, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, радиациялық медицина, бәсекеге қабiлеттi жаңа отандық препараттарды әзiрлеу, бағдарламалардың жобаларын және ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыру жөніндегі есептердi мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: емдеу-диагностикалау iс-шаралары мен алдын алу шараларының тиiмдiлiгiн арттыру.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
270-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған
"Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 5397463 мың теңге (бес миллиард үш жүз тоқсан жетi миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 21-бабы; "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5 , 17, 41, 42, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17, 18,24, 29, 53-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестiрiлген адамдарды әлеуметтiк қорғау және жеңiлдiктер туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 заң күшi бар Жарлығының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; "Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек қызметiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 27 қыркүйектегi № 1068 қаулысы; "Төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1382 қаулысы, "Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысы; "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жiберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы
№ 326 қаулысы; "Медициналық көмекке арналған шығындардың орнын толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен, сондай-ақ мемлекеттік республикалық мекемелерде медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушiлерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпитальдiң және Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпитальдiң контингентiне медициналық көмек көрсету; төтенше жағдайлар кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету; амбулаториялық, емдеу-диагностикалық және оңалту iс-шараларын орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.